ПОИСК

Жаңа маусымда кімдер қор стипендиаты атанды 2025-12-16 18:42:17

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақы республикалық байқауын қорытындылады. Ол 2023 жылдың 5 маусымы мен 8 қыркүйегі аралығында өтті. Оның мақсаты белсенді дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру.

Айта кетейік, байқау 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 879 студент стипендиат атанды. Жаңа оқу жылында бұл көрсеткіш 959 адамға дейін өсіп, 80 дарынды жас Қордың стипендиялық бағдарламасының жүлдегері атанды.

Биылғы байқауға барлығы 299 студент қатысты. Оның ішінде «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша 124 адам және «Ғылым» бағыты бойынша 175 үміткер. Қатысушылар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен сынды түрлі қаладан келген.

80 жеңімпаз бір оқу жылы ішінде ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Биыл желтоқсан айында Алматыда шәкіртақы сертификаттарын тапсыру және еліміздің үздік студенттерін құттықтау салтанатты рәсімі өтеді, бұл туралы тағы хабарлаймыз.

Әзірге, жаңа маусымның жеңімпаздарын құттықтап, алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!

2023-2024 жылдағы стипендиаттардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көріңіз.

Похожие материалы

Статьи

Более 600 автомобилей оказались заблокированными на трассе в Карагандинской области
Freedom Finance подводит итоги: что сделал брокер в 2025 году  
Нацбанк РК выпускает в обращение монеты, посвященные қазақ күресі
Топ-5 самых посещаемых в 2025 году курортных зон Казахстана назвали статистики
Финансирование здравоохранения области Ұлытау увеличено почти на 3 млрд тенге

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.