ПОИСК

"Халыққа қол ұшын созуға шақырамын": Тоқаев су тасқынына байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады 2026-02-04 07:30:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық штабтың отырысын өткізді.

Жиын барысында президент үкіметке тапсырма беріп, кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.

"Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, "Қазақстан халқына" қорының қаржысын да пайдалану қажет.

Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет.

Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін", – деді мемлекет басшысы.

Сурет: Ақорда

Похожие материалы

Статьи

Сын пропавшей в тайге Ирины Усольцевой озвучил шокирующий факт
На концерт Долиной в Коломне продано чуть более четверти билетов
Шуров: напасть на гимназию в Уфе подросток мог из-за психических проблем
Азат Зиганшин: «Нижнекамское предприятие СИБУРа задает новый стандарт экологичного производства» 03/02/2026 – Новости
Главврач Домодедовской больницы Осипов рассказал о случаях оспы обезьян

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.