Қазақстанның мұнайы Италия мен Оңтүстік Кореяға ағылуда 2025-05-15 04:31:00
Үндістан мен Түркия елдері қазақстандық мұнайды аз сатып ала бастады, деп хабарлайды LS.
2023 жылдың қаңтар-тамызында қара алтынның экспорты шамалы ғана өсті. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға (47,5 миллион тонна). Сатушылар жеткізілімнен $27,9 млрд табыс тапты.
Мұнайдың көп бөлігі Италияға жөнелтілді – 15,7 млн тонна (+17,9%) $9,2 млрд.
Ірі сатып алушылар Оңтүстік Корея – $3 млрд-қа 4,6 млн тонна (+11,9%), Нидерланды– $2,5 млрд-қа 4,6 млн тонна (+8%) және Қытай – $2,6 млрд-қа 4 млн тонна (+5,7%) болды.
Қазақстандық мұнай экспорты Румынияға – 3,2 млн тонна (+1,7 есе), Францияға – 2,8 млн тонна (+22%), Грецияға – 1,9 млн тонна (+23,7%), Сингапурға – 2,3 млн тонна (+20,7%), Швейцарияға – 1,2 млн тонна (+5,4%) және Израильге – 559,9 мың тонна (+17,9%).
Алайда, кейбір елдерге айтарлықтай төмен жеткізілім байқалады: Үндістанға – бірден 5,6 есе, Түркияға – 8%, Испанияға – 25,9%, АҚШ – 12%, Хорватияға – 10,5%.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда 20 жыл ішінде қанша мұнай өндірілгенін туралы инфографика ұсынған болатын.
Похожие материалы
Түркия компаниясы Қазақстанның алтын мен мыс кен орындарына инвестиция салуға ниетті 2025-05-15 04:31:002025-05-15 04:31:00
28.04.2025 10:36
Қазақстандық АИ-92 бензині экспортқа жөнелтілді 2025-05-15 04:31:002025-05-15 04:31:00
23.04.2025 10:35