ПОИСК

Жаңа автокөліктер келесі жылы қымбаттай ма 2026-06-28 02:04:48


"Қазақстанның автокөлік одағының" президенті Анар Макашева LS-ке берген сұхбатында 2026 жылы автокөлік бағасының өзгеруіне қатысты болжамын бөлісті.

Оның айтуынша, одақ ресми жеткізушілер арқылы сатылатын жаңа автокөліктер бағасының айтарлықтай өсуін болжап отырған жоқ.

"Атап айтқанда, Қазақстандағы ресми дилерлер ұсынатын импорттық жаңа көліктер 4-5% шегінде ғана қымбаттауы мүмкін", – деді ол.

А. Макашева отандық өндіріс сегментінде кейбір модельдер бойынша бағаның төмендегенін жеткізді. Оның айтуынша, Алматыда мультибрендті зауыттың ашылуы нәтижесінде жекелеген автокөліктердің құны 2%-дан 17%-ға дейін азайған.

Сондай-ақ, журналистермен өткен кездесуде ЕАЭО аясында электромобильдерге квотаның жоқтығы мәселесі қозғалды. Осы орайда ҚАО басшысы ДСҰ талаптарына сәйкес Қазақстанда электромобильдерге кедендік баж салығы нөлдік мөлшерлемемен қолданылатынын атап өтті. Ал гибридті автокөліктерге импорттық баж 15% деңгейінде қалып отыр.

А. Макашева ЕАЭО квоталары аясында импортталған электромобильдердің басым бөлігі ішкі нарықта қалмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 15 мың бірлікке арналған барлық бажсыз квота толық игерілгенімен, ел аумағында шамамен 4 мың электромобиль ғана қалған. Бұл көліктердің бір бөлігінің қайта сатылып, басқа елдерге, соның ішінде Ресейге шығарылғанын көрсетеді. ҚАО басшысы Ресейде мұндай автокөліктерге қатысты салықтарды қосымша есептеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал төлем міндеттемесі сатып алушыға немесе сатушыға жүктелуі мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін, А. Макашева қолданыста болған автокөліктерді сату барысында анықталған жаңа алаяқтық схемалар жөнінде мәлімдеген болатын.

Похожие материалы

Статьи

Малек Дудаков: демократы усилят давление на Трампа по Украине
«Морской монстр»: Украина готовит к серийному производству дрон-носитель MOBIDIK
Огненный град накрыл ВСУ за Москву и Волгоград: главная новость СВО 27 июня
Илья Авербух провёл параллель между Ягудиным и Месси
СК предлагает вернуть конфискацию имущества для коррупционеров: шаг вперёд или имитация борьбы?

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.