ПОИСК

Қазақстанда қытайлық компаниялар көбейді 2026-03-21 13:13:35

Қазақстанда Қытай инвесторларының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны артып келеді, деп хабарлайды LS.

2025 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, елде ҚХР инвесторлары қатысатын 6 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,8%-ға көп.

Ал белсенді жұмыс істеп тұрған қытайлық кәсіпорындар саны 1,6 есеге өсіп, 4,5 мыңға жетті.

Орта (26) және шағын (4,4 мың) бизнес субъектілерінің саны тиісінше 18% және 1,6 есеге артқанымен, ірі компаниялар саны азайған – бір жылда 20%-ға кеміп, небары 16-ы қалған.

Қытайлық инвесторлар ең көп жұмыс істейтін салалар – сауда (1,8 мың кәсіпорын, +1,7 есе), құрылыс (384, +1,6 есе) және өңдеуші өнеркәсіп (383, +1,8 есе).

Қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесіндегі қытайлық компаниялар саны екі есеге көбейіп, 87-ге жетті. Ғылыми-техникалық қызмет саласында да белсенділік артып, мұндағы кәсіпорындар саны 2,3 есеге өсіп, 203-ке жеткен. Ауыл шаруашылығы саласында да Қытай капиталының ықпалы күшейіп келеді – бұл бағытта 99 компания жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.

Қытайлық бизнес негізінен Алматыда шоғырланған – 2,9 мың компания (+1,6 есе). Одан кейінгі орындарда Астана – 897 (+1,6 есе), Алматы облысы – 137 (+1,8 есе) және Шымкент – 112 (+34,9%).

Ал Жетісу облысында, керісінше, бір жылда сегіз компания жабылып, жалпы саны 48-ге қысқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін LS редакциясы Қытайлық инвесторлар Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарын ашуға шамамен 80 млрд теңге көлемінде қаржы құятынын мәлімдеген еді.

Похожие материалы

Статьи

Клименко назвал, чем можно заменить Telegram
Актер Николас Брендон умер во сне в возрасте 54 лет
Суд оштрафовал 22-летнего казанца, укравшего в магазине парфюмерную воду
Лежала в истерике: челнинец избил безвинную девушку, решив, что та обидела сестру 20/03/2026 – Новости
Newsweek: Пара недель операции в Иране обойдется США дороже года вторжения в Ирак

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.