ПОИСК

Төрт адам жансақтау бөліміне түскен: Жамбыл облысында болған ірі жол апаты салдарынан 25 адам зардап шекті (видео) 2026-05-14 19:17:02

Жамбыл облысында болған ірі жол апаты салдарынан 25 адам зардап шекті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 10.47-де "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 567-ші шақырымында Жуалы ауданы, Нұрлыкент кентінің маңында ауа райының қолайсыздығынан 26 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.

“Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б.Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 25 адам жүгінді”, – делінген хабарламада.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккен 25 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

“Тараздан 593-534 шақырымға дейінгі жол екі бағытта да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жамбыл облысының жол полициясы әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады”, – деп қосты полиция.

Статьи

Почти три сотни: в Северной Осетии энергетики переберут каждый трансформатор на пути к стабильному свету
МИД России сообщил о поддержке Киевом террористов в Африке
УФАС не выявило нарушений в рекламе скандального коттеджного поселка «Волжская гавань»
В России социальная пенсия выросла почти на тысячу рублей за год
Овчарова “КазанФорум”да: “Россиядә фәкыйрьлек проблемасы хәл ителде”

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.