ПОИСК

"Әскерге бару – парыз": Тележурналист Динара Сәтжан әскердегі ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты 2025-12-15 20:10:29


Тележүргізуші, продюсер, медиаменеджер Динара Сәтжан осыдан бір ай бұрын жалғыз ұлы Даниалды әскерге шығарып салған болатын. Араға аз уақыт салып, ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Продюсердің ұлы алғашқы некесінен туған. Екінші некесінен Диана есімді қызы бар.

“Көптен күткен күн. Ант беру. Біз Даниалды бір жарым ай бойы көрмедік. Байланыс жоқ. Біз сені қатты сағындық. Өз сарбазымызды ерекше мақтан тұтамыз. Даниал айрықша мақсаттағы әскери күштер бөлімінде қызмет етеді. Еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180-нен 195 сантиметрге дейінгі, білімі орташадан төмен емес, дене бітімі, дені сау азамат ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызметінің сарбазы бола алады. Әскерге бару – парыз. Бұл – өмір мектебі және керемет челлендж”, – деп жазды медиаменеджер.

Еске салайық, продюсер ұлын әскерге шығарып салар алдында жан тебіренерлік жазба жариялап, жылап қалған болатын.

“Балам! Жаным! Біз сенімен мақтанамыз және сенің әскерге бару туралы шешіміңді қолдаймыз. Мұның оңай болмайтынын түсінеміз, қиынға соғары сөзсіз. Бірақ бұл –сенің Отан алдындағы борышың. Бұл – өмір мектебі. Әскерден кейін сені қазіргіден де мықты әрі батылырақ боласың. Сен онсыз да күштісің және мұны кезекті мәрте дәлелдедің”, – деп жазды Динара Сәтжан.

Похожие материалы

Статьи

Более 600 автомобилей оказались заблокированными на трассе в Карагандинской области
Freedom Finance подводит итоги: что сделал брокер в 2025 году  
Нацбанк РК выпускает в обращение монеты, посвященные қазақ күресі
Топ-5 самых посещаемых в 2025 году курортных зон Казахстана назвали статистики
Финансирование здравоохранения области Ұлытау увеличено почти на 3 млрд тенге

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.